Өскеменде Пушкиннің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті

Өскеменде Пушкиннің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті

Версия для печати

Өскеменде орыс этномәдени бірлестігінің бастамасымен Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығына арналған таңғажайып поэзия кеші өтті.


Бұл күні Достық үйі–Қоғамдық келісім орталығының ішіне кірген жан өткен XIX ғасырға саяхаттағандай әсерде қалды. Поэзия сүйер қауым классикалық музыка тыңдап, Ұлы ақынның шығармашылығынан үзінді оқыған өнерпаздардың өнерін тамашалады. Ал, классикалық өлеңнің ырғағына билеген жастар көрермендерді баурап алды, дейді ұйымдастырушылар.


«Біз осындай ауқымды шараның ажырамас бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі әдеби кеш 19 ғасырдың поэзия әлеміне бойлап, ұлы ақын Александр Сергеевич Пушкиннің өміріне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Әрине, Достық үйіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», - деді орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Вера Правдина.


Әрдайым бір-бірлеріне қолдау көрсететін түрлі этномәдени бірлестік мүшелері бұл күні де құр алақан келмеді. Корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Юлия Кунст «Научись отпускать людей» атты А. Пушкиннің өлеңін нақышына келтіріп оқып берді.


Back to the list