Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйіне – 5 жыл

Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйіне – 5 жыл

Версия для печати

2014 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамыту тұжырымдамасына сәйкес барлық облыс орталықтары мен аудандарда Достық үйлерін ашып, оны дамыту жұмыстары мықтап қолға алына бастады. 

01 (1).jpg


2013 жылы ҚХА XX сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел аумағындағы достық үйлерді дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырма бергені бар. Содан бері елде әр өңірде Достық үйлері ашылып, керек болған жағдайда жеке ғимараттар тұрғызыла бастады. Деректерге сәйкес, 2013 жылы республикада 10 достық үй жұмыс істесе, оның 9-ы – өңірлік және оның біреуі республикалық мәртебеге ие болды. 

115180.jpg


Қазір елде 17 облыстық Достық үйі бар, оның біреуі – республикалық мәртебеге ие. Қазақстанда алғашқы Достық үйі 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында өз жұмысын бастағаны белгілі. Ол туралы бұған дейін бірнеше рет жазылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алты аймақта (Астана қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау облыстарында) мамандандырылған достық үйлері ғимараттары салынды. 

a156ff53290bfbb036532366845b49012.jpg


Бүгінгі таңда бұл үрдіс біршама кеңейіп, қазіргі таңда достық үйлері облыс орталықтарынан басқа аудан орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда да құрылып жұмыс істей бастады. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, ШҚО, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарының аудандарында достық үйлері табысты қызмет етуде. 

f8dd23ae4d6bf26658917ba470a5a4d10a29ef6f.jpg

Жұмыс істеп тұрған достық үйлерінің қызметіне жүргізілген кешенді талдау ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері Қазақстанның этникалық топтарының дәстүрлерін, тілдерін, мәдениеттерін сақтау, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қалыптастыру, Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күшін біріктіру бойынша жалпы міндеттерді шешуге бағытталғанын айқан көрсетті. 

14_1.jpg


Мұның бәрі, байқап отырсақ, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс істеу нысаны ретінде Достық үйлерінің қажеттілігін тағы бір мәрте растап отыр.

IMG_20190501_130741.jpg

Осы тұрғыда Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйі Қазақстан Конституциясы - Петропавл қаласының орталық көлік жүрмейтін «жергілікті Арбат» аталып кеткен серуендеуге арналған көшеде орналасқанын айта кеткен орынды. Ғимараттың жалпы ауданы 1500 шаршы метрді құрайды. Бұл 1958 жылы бой көтерген, кезінде Пионерлер үйі орналасқан тарихи маңызы зор ғимарат саналады. Бұл жерде СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының, «Соллтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ «Қоғамдық келісім» кабинеттері орналасқан.

57331516_331559000754020_4276955764066366252_n (1).jpg

Бұл – СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-әдістемелік, сараптамалық зерттеу негізін құрып, дамытатын этномәдени бірлестіктер арасындағы байланыс басқармасының табысқа жетелейтін кілті, құралы іспеттес. 

IMG_20190501_092414.jpg

Солтүстік Қазақстан облыстық Ассмблеясы 1995 жылдың 1 ақпанында құрылды.
Облыста тіркелген 26 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, облыс аудандарында 175 этномәдение орталық бар. Солтүстік Қазақстан облысы атынан 14 адам Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде тіркелген. Солтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеясының құрылымына Кеңес кіреді, оған 36 адам мүше.

TTEXfSmMPsc.jpg

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов СҚО ҚХА Төрағасы, Хатшылық меңгерушісі – Мұратбек Зейнуллин. Оған қоса СҚО ҚХА мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, мәдениет және білім мемкемелерімен және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен, анарйы орта білімді және жалпыбілімді оқу мекемелеріндегі «бейбітшілік пен келісім Орталықтарымен», №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенімен тығыз байланыс орнатқан.

wbeQqDv_G0o.jpg

 СҚО ҚХА құрамына келесідей құрылымдар кіреді: - Қоғамдық келісім Кеңесі; Аналар кеңесі; ғылыми-сараптамалық топ; Журналистер клубы; медиация кабинеті; ақсақалдар кеңесі; жастар қанаты; «Ассамблея» корпоративті қоры. Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың шілдесінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, басқаша айтқанда Достық үйі құрылды.

NIkeVGly2iU.jpg

Ұйымның қызметі этномәдени орталықтар арасындағы байланысты нығайтуға, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-зерттеу негізін құруға, оны дамытуға, Қазақстан халқын біріктірудің басты қозғаушы күші ретінде қазақ тілдің дамуына жәрдемдесуге, облыс аумағындағы этностардың ана тілін оқы үйренугі, тілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға, жастар арасында толеранттылық пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге, барша этностардың мәдени дәстүрін, тілін және құндылықтарын құрметтеп, сақтауға тікелей бағытталған. 

56277905_1152612188279735_3142887362183827798_n.jpg

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының қызметін атқару Литт Ирина Владимировнаға жүктелген. Жалпы алаңы 1500 шаршы метрді құрайтын Достық үйі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 

1.jpg

Мұнда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері, 24 этномәдени бірлестіктер, Этномәдени бірлестіктердің іс-шараларын өткізуге арналған акт, конференц залы бар. 

4.jpg

 Мемлекеттік, неміс, поляк, татар тілдерін үйренетін кабинеттер бар. Олардың әрқайсысының өз атауы және тақырыпқа сәйкес безендірілуі қарастырылған. Олар ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған және Internetке қосылған. 

5.jpg

Медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімімен әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс істеу бойынша белсенді қызмет жүргізетін медиация кабинеті жұмыс істейді. Ғылыми-сараптамалық топ, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі - Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 

55731235_194990038050923_6279526108400591236_n.jpg

Этномәдени бірлестіктердің кабинеттері әр этностың өзіндік ерекшелігін дамыту және сақтау орталығы болып табылады. Күн сайын Достық үйінде түрлі іс-шаралар: мәдени-демалыс іс-шаралары, тренингтер, конференциялар, кездесулер, отырыстар өтіп тұрады. 

56218128_419152812185054_7118040403311570057_n.jpg

Достық үйі орналасқан ғимараттың атмосферасы әрдайым оның келушілерін жігерлендіріп, ерекше күш-қуат беріп тұрады. Мемлекеттік мекемелер, мектептер, ауруханалар және басқа да ұйымдар әрқашанда экскурсияға келуге және этномәдени бірлестіктер мен Достық үйінің қызметі туралы қызықты мәліметтер алуға тілек білдіреді. 

56236430_289458371947278_6665003214392501011_n.jpg

Өйткені, облыстық Достық үйі - біздің халқымыздың этносаралық және конфессияаралық келісімінің қайнар көзі. Әрбір адам мұнда жаңа дос, серіктес тауып, қоғамдық қызметпен айналысуына мүмкіндік алады және өзін жаңа қырынан аша алады. 

56775853_2061722423877232_4370858410621356578_n.jpg

 СҚО ҚХА Жастар қанаты - өңірдің креативті және қозғаушы күші. Флэшмобтар, концерттер, акциялар – осының барлығын олар үлкен құлшыныспен өткізіп, бір-бірімен бірыңғай механизм ретінде тығыз қарым-қатынас жасай отырып, республикалық деңгейге маңызды жобалар ұсына алады. 

56537536_1136953343142345_1383763853379771419_n.jpg

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет жанында жұмыс істейтін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы 2014 жылы құрылған. Жеке дербес кафедраның меңгерушісі – Людмила Гривенная. 

iBF626v83fQ.jpg

Кафедра СҚМУ оқу-тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеп, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары мен мекемелеріне этноконфессиялық қатынастар мәселелері бойынша кеңестік қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады

IMG_5526.JPG

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list