Танымал тележүргізуші Майя Бекбаева «Бірлік» медалімен марапатталды

Танымал тележүргізуші Майя Бекбаева «Бірлік» медалімен марапатталды

Версия для печати

Бүгін ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрайымы, танымал тележүргізуші Майя Бекбаеваны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапаттады.

Айта кетейік, «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» елдегі патриотизм мен мәдениет аралық келісімді дамытуға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін тапсырылады.

Майя Төлегенқызы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2019 жылдан бастап «Kazakh TV» арнасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Back to the list