Тараз бен Қызылордада жастар арасында әлеуметтік хакатон ұйымдастырылды

Тараз бен Қызылордада жастар арасында әлеуметтік хакатон ұйымдастырылды

Версия для печати

Таразда Жастар жылына орай облыстық startup жобалары байқауы өтті.


«2019 - жастардың инновациялық әлеуеті» атауымен өтіп жатқан жобалар байқауына қатысушылардың еңбектерін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі бекітілген ереже мен тәртіп-талаптарына сай қабылдап алды.

IMG_9208.JPG

Байқаудың басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықтың әлеуметтік стартаптарын сараптамалық және қаржылық қолдау үшін ортасын құру, қатысушылар арасында өзара тәжірибе мен идеялар алмасатын, сүйемелдейтін коммуникациялық алаң қалыптастыру, әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын насихаттау және дарынды ауыл жастарының жас мамандарына арналған белгілі бір орта қалыптастыру. Сондай-ақ, өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу. 

Аталған байқауда 14 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар, 16 жастан 21 жасқа дейінгі орта арнаулы оқу орындарының студенттері, 18 жастан 29 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарының студенттері мен жас зерттеушілері және Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жастар көшбасшылары бақ сынасты.

MW6A8913.JPG

Оларға  жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу, энергетика өнеркәсібі, жоғары технологиялар, ғылыми әзірлемелер, басқару және білім беру, өндіріс және технология, IT-сала және инфрақұрылым, өмір сапасын жақсарту, қоғамда табысқа жету, бәсекеге қабілеттілік және білім идеяларын насихаттау, ақпараттық ілгерілету жолымен қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстанның жаңғыруы: жаңа патриотизм сынды түрлі тақырыптарда жоба жасау ұсынылған.

Байқауға қатысушылардың еңбектері арнайы құрылған комиссия құрамының қойылған талап тілектеріне сай қарастырылып, талқыланды.

«Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу» бағыты бойынша бас жүлде Руслана Марденоваға бұйырды.

«Өмір сүру сапасын жақсарту» бағыты бойынша Ромина Айтикенова бас жүлдені қанжығалады.  

«Ғылыми әзірлемелер» бағыты бойынша бас жүлде Талғат Иманалиевке бұйырды.

Жүлдегерлерге арнайы Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

MW6A8899.JPG

Ал Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» тақырыбындағы әлеуметтік хакатон ұйымдастырылды.

Облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ төрағасы Валерий Пак және төрағасының орынбасары Евгений Демиденко «Сананың ашықтығы» қазіргі жастардың білімге, ғылымға, IT-саласына баса мән беру қажеттігі тақырыбында ой қозғады.

IMG_9271.JPG

Өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкері Бекарыс Нуриманов «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласынан мазмұнды мысалдар келтіре отырып, ұлттық болмыс және болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру тұрғысында тұшымды ой-пікірін жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар, спикерлер тарапынан айтылған тақырыптар төңірегінде қызу пікір таластырылды. 

Back to the list