Таразда Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті

Таразда Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті

Версия для печати

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі – Қазақ Елі-Жамбыл жері әз-Наурызды 9 күн тойлайтыны белгілі. Осыған орай «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында Жамбыл облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты меркелік іс-шаралар легі ұйымдастырылды.

Мерекелік шара Достық үйі ғимаратының ауласында туған жер, ел, достық сынды тақырыпта әр түрлі тілдегі радиоконцертпен басталды.

Ғимараттың алдына киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды, сондай-ақ  тоғызқұмалақ, асық, ләңгі және тағы басқа ұлттық ойындар ойнатылды. Көне Тараз тарихи-мәдени орталығының ашық алаңында этномәдени бірлестіктердің суретшілер мен қолөнер шеберлердің көрмесі және шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

Облыстағы этномәдени бірлестік басшылары мен жастары Достық үйінің алдына ынтымақ пен бірліктің нышаны іспеттес мәңгі жасыл қалпын сақтайтын шырша талын отырғызды.

Сонымен қатар, шара барысында мерекелік концерт көрсетілді. Ол «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Дулати жастары» театрының қойылымынан басталды.

Меркелік концерттік бағдарламада «Мектеп және мектептен тыс шығармашылық дамыту орталығының» бүлдіршендері, би ансамблдері және  неміс этномәдени бірлестігінің «Эремурус» вокалдық ансамблінің өнерпаздары әсем әндерімен көпшілікке көреңікі көңіл күй сыйлады. Концерт соңы әр этнос өкілдері ақсақалдарының бата беріп, аналардың шашу үрдісімен аяқталды. 

Мерекелік концерттік бағдарламадан кейін, Достық үйі ғимаратының алдында көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, қарттар, жалғызбасты аналар және қала тұрғындары мен қонақтарға арналған киіз үй тігіліп, дастархан жайылады. 

Қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған күнтізбесі бойынша наурыз айына арналған «Шашу» акциясы өткізіліп, қазақ халқының ұлттық әрі ерекше дайындалатын тағамдарының бірі наурыз көже, бауырсақ, құймақ және палау әзірленіп, көпшілікке таратылды.

Мерекелек іс-шара аясында облыстық ассамблея құрылымдарының қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді. 

Сондай-ақ, дәл осы күні Талас аудандық орталықтандырылған кітапханада 22 – наурыз Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған «Наурыз айы туғанда» атты салт-дәстүр кеші өтті.

Back to the list