Таразда жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Версия для печати

Отбасы күніне орай Таразда  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «2019-Жастар жылы» негізінде облыстық этномәдени бірлестіктерінің жас отбасыларының  арасында  «Берекелі шаңырақ» атты  семинар-тренинг өтті.

Жыл сайын жас отбасылардың басын біріктіріп, бабы мен бағын жарыстыратын дәстүрлі сайыс бұл жылы фестиваль-байқау ұйымдастырылды.           


 

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивалдің мақсаты – отбасылық құндылықтарды және рухани-адамгершілік қасиеттерді жандандыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, этномәдени бірлестіктердің үздік жас отбасыларын анықтау және көтермелеу, жас отбасы институтын қолдау.

Фестиваль оқыту курсы және фестиваль-байқау бойынша екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушыларға «Отбасы институтының қоғамдағы рөлі» тақырыбында жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша практикалық құралдарды меңгеру мақсатымен дәріс оқылды.


Сондай-ақ, қатысушылар аудиторияның проблемаларын анықтауға, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелерді шешуге  және талқылауға бағытталған тренинг ұйымдастырылды.

Екінші бөлімде этникалық отбасылық дәстүрлерді білу, қатысушылар оқыту курсы кезінде алған білімдерін, психологиялық икемділігін және күрделі отбасылық мәселелерді шеше білуін саралау мақсатында түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.

Жиырма жас отбасы бақ сынасқан бәсеке нәтежиесінде I орынды ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы филиалы» қоғамдық бірлестігінен Алиевтердің шаңырағы жеңіп алды. 


Back to the list