ВИКТОРИЯ ТРЕГУБОВА: ОРЫСТЫҢ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫМЫН

ВИКТОРИЯ ТРЕГУБОВА: ОРЫСТЫҢ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫМЫН

Версия для печати

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығына арналған ақын өлеңдерін оқу эстафетасына Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу қолдау білдіруде.

WhatsApp Image 2019-07-13 at 16.31.36.jpeg

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен барлық өңірдегі этно-мәдени бірлестіктер бірден атсалысып, жұмыла жалғастырып әкетті.


Қатысушылардың арасынан Тараз қаласының тұрғыны Виктория Трегубова Абай Құнанбаевтың «Өлең – сөздің патшасы» өлеңін оқып, көпшілік көзайымына айналды. Әлеуметтік желіде жоғары танымалдыққа ие болып, ҚХА Баспасөз қызметі таратқан бейнежазбаға 1500-ге жуық репост жасалып, көрушілер саны 65 мыңнан асты.

WhatsApp Image 2019-07-13 at 16.31.44.jpeg

Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ақын, «Платиналы тарлан» сыйлығының иегері Исраил Сапарбай, көрнекті күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетов, дүлділ әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ерлан Рысқали және басқа ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары Викторияға қазақ тіліне деген құрметі үшін ерекше алғыс айтып, зор ризашылығын білдірді.


Осы орайда жақынырақ таныстыра кетсек, Виктория Трегубова – 1998 жылы 1 маусымда Ресей Федерациясы Ульяновск облысында дүниеге келген. 2000 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылына қоныс аударған. М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 2015-2019 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

WhatsApp Image 2019-07-13 at 16.31.45 (1).jpeg

Қазіргі кезде Тараз қаласында тұрады, қаңтар айынан бастап Жамбыл облыстық телеарнасының «Tuski time» бағдарламасының тәлімгер-жүргізушісі. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Раданеж» орыстар қоғамы бірлестігінің мүшесі және ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі


Back to the list