Қызылорда: ҚХА белсенділері әскери және медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ үлестірді

Қызылорда: ҚХА белсенділері әскери және медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ үлестірді

Версия для печати

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Қызылордадағы Тұңғыш Президент саябағында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашев басқарған белсенділер әскери және медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады.


5 өткізу бекетінде болған ҚХА мүшелері борышын өтеп жүрген қызметкерлерге жылы лебізге толы Ашық хаттырын ұсынып, өзбек ұлттының ұлттық тағамдарын үлестірді. Барлығы 150-ге жуық адам ыстық тамақпен қамтылды.

Әскери бекет және медицина қызметкерлері өз кезегінде облыстық ҚХА мүшелеріне қамқорлықтары мен көңілдері үшін ризашылықтарын білдірді.


Back to the list