Қызылорда жастары ауыл тіршілігімен етене жақын танысты

Қызылорда жастары ауыл тіршілігімен етене жақын танысты

Версия для печати

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында Бесарық ауылдық округінде жастардың қатысуымен экскурсия ұйымдастырылды.


Оған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мен облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, белсенді мүшелері қатысты.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, экскурсияның мақсаты – Елбасының «Жаңғырған ауыл» жобасы негізінде жастарды ауыл тынысымен таныстыра отырып, ауылшаруашылығы мамандығының имиджін арттыру.


Экскурсияға қатысушылардың алғашқы қадамы ауылдық округтің мұражайынан бастау алды. Онда сақталған көне экспонаттарды аралап көріп, олардың пайда болу тарихынан мәлімет алды. Сонымен бірге, білім ошағы мен округтің Мәдениет үйіне тоқтап, «Әжелер» ансамблінің өнерін тамашалады.


Айта кету керек, Бесарық ауылы бүгінде гүлденген, әлеуеті зор, ауылшаруашылығы жанданған берекелі елді мекенге айналған. Ауылдың қарыштап дамуына жергілікті көп салалы ауылшаруашылығы компаниясы өз үлесін қосып келеді. Ол кластерлік экономика бағытын ұстанып, күріш өндірісі, қой, түйе, бал мен бақша шаруашылығын алға қойған. Экскурсия аясында облыстық ҚХА құрылымдарының мүшелері ырысы шалқыған компанияның жұмыстарымен етене танысып қайтты.


Back to the list