Қызылордада ауыл шаруашылығы мамандығының жастар арасында тартымдылығын арттыру ісін қолға алуда

Қызылордада ауыл шаруашылығы мамандығының жастар арасында тартымдылығын арттыру ісін қолға алуда

Версия для печати

Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында «Ауылшаруашылығы мамандығының имиджі және агроөнеркәсіптегі жаңа технологиялар» атты семинар өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарының 95-тармағын орындау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жаңғырған ауыл» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары жасақталды.

Аталмыш семинарды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аграрлық техника және жаңа технология кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Асанхан Шаханов жүргізді.

Шараға сонымен қатар қалалық мектептердің бітіруші түлектері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, оқу орындарының оқытушы-профессорлары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Аталмыш шараны өткізудегі мақсат өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуын ілгерілету және ауыл шаруашылығы мамандығының жастар арасында тартымдылығын арттыру болып табылады.

Профессор А. Шаханов өз баяндамасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ауыл шаруашылығы мамандығына бөлінген гранттар мен одан әрі жұмыспен қамту мәселесін, өңірдегі күріш өндіру саласына альтернатива табу және су тапшылығынан туындайтын мәселелерді жеңудің оңтайлы жолдарымен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар ортаға салынған ұсыныстарды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мектеп бітіруші жастар оқу орнына түсу жолдары мен жұмыспен қамту шараларына тоқталып, сұрақтарын қойды.

Жыл көлемінде ауыл жастарына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы мамандығының имиджін арттыру бағытында аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу өткізу, ауыл жастарына арналған шаруа қожалықтары мен алдыңғы қатарлы ауылдарда экскурсиялар және сала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел отырыстарын өткізу қарастырылған.

Back to the list