Өзбек Елшісі елордалық жексенбілік мектепке кітаптар мен музыкалық аспаптарды сыйға тарту етті

Өзбек Елшісі елордалық жексенбілік мектепке кітаптар мен музыкалық аспаптарды сыйға тарту етті

Версия для печати

Елордалық №53 мектеп-лицейде «Зие» өзбек этнолингвистикалық жексенбілік мектебінің «Қадрли устозим («Қадірлі ұстазым») атты мұғалімдер күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған ашық сабақ өтті.


Шараға Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикром Ниязходжаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Каратаев, ҚХА төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнара Тайгокова, «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектер қауымдастығы төрағасының орынбасары Хасан Шәріпов, Өзбекстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі хатшысы Ойдинхон Маннопова, №53 мектеп-лицейдің директоры Зәмзәгүл Қиянова және М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жексенбілік мектебінің кураторы Евгения Соловьева қатысты.


Іс-шара «Зие» өзбек этнолингвистикалық жексенбілік мектебі оқушыларының көрмесімен басталды. 

Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі Саидикром Ниязходжаев Дүниежүзілік өзбек жастары ассоциациясы атынан жексенбілік мектепке кітаптар мен музыкалық аспаптарды сыйға тарту етті.


Ашық сабақ аясында оқытушы Гүлнара Жантураева өзбек тілі және «мақұлдау» (мінез-құлық мәдениеті) сабағынан, ал оқытушы Мейрамкүл Есенғалиева билингвалды оқыту әдістемесі бойынша өзбек тарихы мен әдебиетінен дәріс өткізді.


Шара соңында «Пойтахт Ғунчалари» ансамблінің кіші тобы «Сарвинозим» биін орындап, «Ойижон» және «Көзімнің қарасы» әндерін шырқады.


Back to the list