Жансейіт Түймебаев: Бірлік – халқымыздың басты байлығы

Жансейіт Түймебаев: Бірлік – халқымыздың басты байлығы

Версия для печати

Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ біз 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін де 25-ші рет атап өтеміз. Бұл маңызды екі оқиғаның қатар келуі жай ғана сәйкестік емес, заңдылық. Оның себебі мынада: Мерекенің мәні мен мағынасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қыз­метінің мәні мен мағы­насына толық сәйкес келе­ді, бұл – жалпыұлттық бір­­лікті нығайту, этнос­ара­лық қаты­настар­дың тұрақ­тылығы мен үйлесімі, Қазақстан халқының мәде­ниет­аралық үнқатысу мен қоғам­дық келісім негізінде бірігуі.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт­аралық келісімге қол жеткізудің жал­пыға танылған бірегей институты, қоғам­дық келі­сім мен жалпыұлттық бірлік­тің қазақстандық үлгісінің өзегіне ай­нал­ды. Өткен жылдар ішінде ол өзі­не жүк­тел­ген миссияны лайықты орын­­дап, өзі­нің қоғамдағы саяси және этностық тұрақ­тылықтың не­гіз қалаушы фактор­лары­ның бірі ретін­дегі маңызды рөлін танытуы елі­мізге әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулардың ора­сан зор бағдарламасын – тәуел­сіз Қа­зақ­станды байыппен, дәйек­тілік­пен және ең бастысы, табыспен құру­ды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақ­станның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жол­дауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен­дей, «Біз берік бірліктің ар­қа­сында өз тәуелсіздігімізді нығай­тып, халықтың әл-ауқатын жақ­сарту үшін жағдай жасадық. Бұл уақыт жасампаздық пен прогресс, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Біздің даму жолымыз бүкіл әлемде қазақстандық модель немесе Назарбаев моделі ретінде мойындалды».

Қазақстан халқының бірлігі мере­кесін қарсы ала отырып, біз қазақстандық модель жетіс­ті­гі­нің негізгі факторы Қазақ­стан­­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.На­зарбаевтың саяси көш­бас­­шыл­ығы мен ерік-жігері бол­ға­нын ешқашан ұмыт­пауымыз ке­рек.

Әрине мемлекет пен қоғамды дамыту­дың бірде-бір стратегиялық мәселесі сессияда талқыланбай өт­кен емес. «Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Ұлттық бірлік доктринасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы – бұл Ассамблея сессиялары алаңын­да бүкіл­халықтық талқылаудан өткен мә­се­лелердің қысқаша және толық емес тізімі.

Ассамблеяны құру идеясын Қазақ­­станның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Н.Ә.Назарбаев 1992 жыл­­­­ғы 14 желтоқсанда Қазақстан ха­­лық­­­тарының форумында айт­қан бо­­ла­тын. ХХІ ғасырдың тәжі­ри­бесі биі­гі­нен этносаралық қаты­нас­­тарды рет­­теу­дің басты теті­гін құру идея­сын Нұр­сұлтан Назар­­баевтың қан­ша­лықты көре­ген­дікпен ұсынғанын сенімді түр­де ай­туға болады – «біз жаңа қо­ғам­­дық инс­ти­тут – Қазақ­стан халық­­тарының келі­­сі­мі мен бірлігі Ас­самб­­леясын құра алар едік. Бұл Қазақ­стандағы ұлтара­лық келі­­сім­ді бүкілхалықтық ны­ғай­ту мін­­детін шеше­тін саяси емес, үк­і­м­ет­тік емес ұйым болар еді... Және мұн­дай Ас­самб­лея Қазақ­­стан ха­лық­­тары­ның барлық арман, мұрат­­­т­ары мен мүд­делерінің бар­лық спектрін көр­се­тетін саяси емес орган болар еді».

1995 жылдың 1 наурызында ол өзінің Жарлығымен кон­суль­та­тив­тік-кеңесші орган ретін­де Қазақ­стан халықтары Ассамб­лея­сын (сол кезде ол осылай аталатын) құрды. Ал 1995 жылдың 24 нау­­ры­зында өткен Ассамблеяның І сес­­сия­сында оның миссиясы ай­­қын­далып, этносаралық қаты­­нас­тар саласындағы мемлекеттік сая­сат­­­­тың алдында тұрған мақсаттар мен ауқымды міндеттері жария етілді.

Сонда, I сессияда сөйлеген сөзін­­де Н.Ә.Назарбаев: «Уақыт сы­ны­­нан өте біл­ген қазақ халқының бай да күрделі тарихы бар. Қазір ол Қазақ­станда тұратын барлық ха­лық­­тарға біздің бірлігіміздің түп-тамы­рын жақсырақ түсінуіне кө­мек­­тесіп, кез келген тарихи кінә арту­ларға жол бермеу­ге тиіс. Өйт­кені өткенге көз сала отырып бо­ла­­­шақт­ы көре білген жөн» деген болатын.

Нұрсұлтан Әбішұлы нақ осы сөзінде Қазақстанның ұлттық сая­сатының ұста­ным­­дарын толық ай­қын­дады.

Сол тарихи сессияға қатысушы­лар Пре­зи­­дент­тің жиналғандарға, ал олар арқылы ха­­лық­қа, әрқайсының және барлығының ел­­дің болашағы үшін жауапкершілігін ұғы­­ну­ға шақырған үндеуін еске алады: «жауап­­­­кер­шілік деген өткенді есте сақтай оты­­рып, болашаққа көз жүгіртуді, басқа ха­лық­­­тармен тату және жарасты өмір сүру­­­ді, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, салт­­­тарын кұрметтеуді білдіреді. Қазақтар «Бе­реке басы – бірлікте» деп тегін айтпаса керек.

Және бүгінде біз Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­дентіне ел басшылы­ғында болған 30 жыл ішінде кез кел­ген өзгерістерге, гео­саяси жағ­дайларға және этносаралық мә­се­­лені саяси карта ретінде пайдалану мүм­кіндігіне қарамастан, бұл мәселеде өзінің қағидаттарынан айнымаған саяси ерік-жігері үшін зор құрмет көрсетуге тиіспіз.

25 жылдық сияқты атаулы күндерде әдетте қорытынды шыға­ры­лып, қазіргі жағ­дайға талдау жа­салады және болашаққа жос­пар құры­лады. Өткен 25 жыл бойы қо­ғам­­дық келісім мен жалпыұлттық бір­лік­ті нығайту жөніндегі саясат инкл­юзивті си­па­тқа ие болғанын және қоғам өмірінің бар­лық саласын қамтығанын түсінуіміз қажет.

Сондықтан да қазақстандық шы­найы өмірдің әрбір әлеумет­тік бөлінісінен біз ауыл шаруа­шы­лығынан, қызметтер көр­сету мен медицина саласынан бастап халық­­аралық қатынастар мен жаһандық саясатқа дейінгі бейбіт­шілік пен келісім саясатының нәтижелерін табамыз.

Біздің этностарымыздың Қазақ­стан­ның біртұтас халқы болып табысты бірігуі бірінші және даусыз нәтиже болып табылады.

Этносаралық интеграцияның қазақ­­стан­­дық моделі әуел бас­тан азамат­тық қағи­даттарда құрыл­­ды. 1996 жылы «Қо­ғам­­дық келі­сім – Қазақстанның демо­­кра­тия­лық дамуының негізі» деген тақы­рыппен өткен Ассамб­лея­ның III сессия­сында Н.Ә.На­зар­баев осы қағидаттар туралы: «Біздің жағдайда этнос­ара­лық ықпалдасудың базасы жалпы­азаматтық тиістілік, қазақ­стан­дық мемлекеттілік тағдыры бар адам­дардың өзін өзі саяси тұрғыдан айқындауы болуы тиіс» деді.

Қазақстан этностық шығу тегі әртүрлі және түрлі діни наным­дағы адамдардың азаматтық ық­пал­дасуы жолымен сенімді түрде жүріп келеді. Мұның бір дәле­лі – біздің еліміздің бір де бір этно­сы оқшау­лану стратегиясын таң­да­­ма­ғаны, өзінің ерек­ше этностық мәр­тебесі туралы мәсе­ле қоймағаны.

Керісінше, этностық шығу тегі әртүрлі адамдар Қазақстан азаматтарына тиесілілігін мақтан тұтады, оның дамуына өздерінің елеулі үлестерін қосып келеді.

Бейбітшілік пен келісім сая­сатының 25 жылдығының тағы бір маңызды нәтижесі халық бір­лі­гіне қол жеткізу болып табыла­ды. Біз бұл сөзде қандай терең практикалық және саяси мағына жатқанын көп жағдайда түсіне бермейміз! Ал 2001 жылы, Тәуел­сіздігіміздің ал­ғашқы онжыл­дығын атап өту барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ассамблея сессиясында: «Рухани бірегейлік біздің отандастарымыздың азамат­тық және сая­си бірлігін толық­тырып, XXI ғасырда мемлекет тәуел­сізді­гін нығайтудың және қоғамды бірік­тірудің тағы бір ірге­тасы болып табылады... Біздің мақ­сат­тарымыз бір және ортақ үйімізді жайлас­тыруға, Қазақстанды қолай­лы және гүлденген мемлекет ретінде көруге ұмтылыс-жігеріміз бірдей» деп атап өтті.

Осындай тәсілдің арқасында біз құн­дылықтардың бірыңғай жүйесі, қазақ­стандық азаматтық бірегейлік, рухани мәдениет ортақ­тығы негізінде қалыптасқан қоғамымыздың этноәлеуметтік тұтас­тық ретіндегі бірлігіне қол жеткіздік. Мұндай бірлік дәрежесі қазақ­стандық қоғамға сая­си, мәдени тұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бейбітшілік пен келісім сая­­саты­­ның үшінші даусыз нәти­­жесі Қазақстан халқы Ассам­б­лея­­сының ел этностары ара­сындағы этносаралық қатынас­тарды үйлестірудегі табысы және этностардың қазақ халқының айнала­сында Қазақстан халқының бір­­тұтас халқына кірігуі міндет­терін табыс­ты шешу болды. Қазақ­станның Негізгі Заңы­ның кіріс­песінде «ортақ тарихи тағдыр бірік­тір­ген, байырғы қазақ жерінде мем­­ле­кеттілік құра отырып» деп жазылғандай.

2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде Ассамблея өзінің атауын өзгертеді, «халықтар» сөзі Қазақстан «халқы» деген сөзбен алмастырылады. Бұл біздің еліміздегі ұлт құру үдерісіндегі, қоғам­дық келісім мен Нұрсұлтан Назар­баевтың жалпыұлттық бірлігі қазақстандық үлгісінің эволю­циясындағы түбегейлі ілгері­леулерді көрсетеді.

Шартты түрде оны қалыптас­тыру мен дамытудың 4 негізгі кезеңін бөліп көр­сетуге болады.

Бірінші кезең (1989 жылдан 1995 жылға дейін). Этномәдени бірлестіктер құру басталғаннан бастап 1995 жылғы Конс­титуцияны қабылдау және Қазақ­стан халқы Ассамблеясын құру нәти­жесінде қазақстандық модельді заңна­ма­лық және институттық ресім­деу басталғанға дейін сипатталады.

Екінші кезең (1995 жылдан 2002 жылға дейін). Қазақстандық этностар­дың салт-дәстүрлерін, тіл­дері мен мәде­ниетін сақтау құнды­лықтары мен аза­маттық қағидатын үйлесімді ұштас­тыру негізінде қазақстандық бірегей­лік­тің негізгі параметр­лері айқындалды.

Қа­зақ­­­стандық қоғамның егемен­дік­ті, мем­ле­кет­тілікті, ба­йыр­ғы қазақ жерінде мем­лекет құраушы қазақ халқының айна­ласын­да және ел тағ­­дыры үшін тарихи жауап­­кер­­ші­лік­те шоғырлануы қамтамасыз етілді.

Үшінші кезең (2002 жылдан 2007 жыл­ға дейін). Этносаралық қатынас­тар­­дың қазақстандық үлгісін қалыптас­тыру жөніндегі нысаналы саясатты қам­тиды.

Бірқатар бағдарламалық құ­жат­­­тар әзір­леніп, қабылданды – Қазақ­­стан халқы Ас­самб­леясы­­ның 2011 жылға дейінгі стра­те­­гия­­сы, Тіл­дерді дамыту мен қол­­­дану­­­дың мем­лекеттік бағдар­лама­сы, 2006-2008 жыл­дар ара­лы­ғында Этнос­аралық және кон­фес­­сия­ара­лық келісімнің қазақ­­стан­дық үлгі­сін жетілдіру бағдарламасы іске асы­рыл­ды.

Төртінші кезең 2007 жылы басталды. Бұл кезеңде елдің этнос­тық бедерінде болған түбегей­лі өзге­рістерді бейнелеу үшін Ассам­блеяның атауы өзгертілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы 23 қазандағы Ассамблеяның XIV сессиясында жасаған баяндамасында атап өтіп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің негізгі бес қағидатын тұжырымдады.

Бірінші қағидат. Этностық, конфес­сия­лық, мәдени, тілдік әралуандық біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Ол біздің қоғамның идеоло­гиялық, адам­гер­шілік, рухани негізін құрай­ды, қоғам­ның тұрақты дамуы үшін тың қуат береді.

Екінші қағидат. Мемлекет Қазақ­стандық этностардың мәде­ниеті мен тілдерін дамыту үшін нысаналы түрде барлық жағдай жасайды.

Үшінші қағидат. Толерант­тылық пен жауапкершілік ұлты­мыздың маңызды құндылықтарына айналды.

Төртінші қағидат – қазақ халқының шоғырландырушы рөлі. Қазақ халқы әрқашан ұлт­тың ұйытқысы бола білді. Ол бола­шақта да біздің қоғамымызды бірік­тіру­ші болып қалуы тиіс. Бұл қазақ халқына елдің болашағы үшін айрықша жауапкершілік жүктейді.

Бесінші қағидат – Қазақстан халқы­ның бірлігі – Қазақстан халқы Ассамб­леясының атауында көрсетілген. Біздің Консти­туция­мыз «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқымыз» деген сөздермен басталады.

Бұл қағидаттарға 2013 жылғы сәуірде «Қазақ­стан – 2050» Стратегиясы: Бір ха­лық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сес­сия­сында Нұрсұлтан Назарбаевтың сөй­леген сөзінде «Ассамблея – тұтастай Қазақ­стан халқы! Барлық он жеті мил­лион!», ал Ассамблея тарихы – ел тарихы, ха­лық тарихы» деп айрықша саяси мән бері­лді. Сонымен қатар Тұңғыш Прези­дент жаңа жағдайда Ассамблеяның ХХІ ға­сыр­­дағы миссиясы тарылып емес, кеңе­йіп келе жатқанын, ол шын мәнінде жал­пы­­аза­­­ма­т­тық, саясаттан тыс және жал­пы­хал­ық­­тық инс­титутқа айналуы тиіс екенін атап өтті.

Ассамблея бүгінгі таңда қоғам­дық келісім мен бірлікті нығайту, халықты біртұтас саяси ұлтқа біріктіру міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғам­­ның сұраныстарына жауап береді және Елбасы қойған негіз­гі міндеттерді орындайды. Ассамб­лея қоғамдық келісім мәселелерін маңызды құндылық деп санайтын барлық адамдарды бірік­тіреді. Олардың қатарында мың­нан астам этно­мәдени ұйым­дар, өңірлердегі «Қазақ тілі» қоғам­­дары, жастар қозғалыстары, сон­­дай-ақ, республика бойын­ша 2753 Қо­ғамдық келі­сім кеңесі мен 1801 Аналар ке­ңе­сі бар. Қа­зір­гі кезеңде, Елбасының тапсыр­ма­сы­мен құ­рылған осы құры­лым­дар, бірінші к­езек­те жергілікті қоғам­дастықтар дең­ге­йін­де «халық үніне құлақ асатын мем­ле­кет­тің» тұ­жы­рым­дамасын жеткізеді және «кері байланыс» тетігін қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, Ассамблеяның жұмысы­на еліміздің 400 мыңнан астам азаматы тұрақты түрде тартылған. Волонтер­лер жылында 22 мыңнан астам адамды қамтитын ҚХА «Жаңғыру жолы» рес­пуб­ликалық жастар қозғалысына бірікті­ріл­ген 138 жастар ұйымына үлкен міндет жүк­теліп отыр.

2015 жылы қабылданған Қазақ­стан­ның «Қайырым­ды­лық туралы» жаңа заңының негізінде ел­дегі тұрақтылықты, қоғамдық келі­­сім мен жалпыұлттық бірлікті ны­ғай­ту бағытын­дағы ҚХА-ның әлеу­­меттік функциясы ретінде бар­­лық қайырымдылық қызметті дамы­туға жәрдемдесу белгіленген. Осы ба­ғыт­та 2019 жылы 11,4 мың­­ға жуық іс-шара өткізілді, 667 мың адамға көмек көр­сетілді, көр­сетіл­ген көмек сомасы 4 млрд теңгеден асты.

Ассамблея мүшелерінің Арыс қаласын­да зардап шеккендерге көмек көрсету барысындағы жұ­мы­сы республикалық ауқым­дағы гуманитарлық операция болды.

Ең ауыр алғашқы күндер мен апталарда ҚХА мүшелері Арыс қаласына 156 млн 297 мың теңге, сондай-ақ 200 тоннаға жуық азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды, құрылыс материалдарын жіберді.

«Мектепке жол» акциясы аясында Ассамблея 46 мың оқушыға 514 млн тең­ге­ге көмек көрсетті, бұл акция аудандар мен ауылдық округтер деңгейінде өткізілді.

«Біз бір­геміз!» қайырым­дылық акция­­сына этно­­мәде­ни бірлестіктер, Қоғам­дық келі­­­­сім кеңес­тері, ҚХА Кәсіп­­кер­лер қауым­­­­дасты­ғы, «Жаң­ғы­ру жолы» жастар қоз­ға­лысы, Ассам­б­лея­­­ның волонтерлік қозға­лы­сы ор­­та­­лықтары қатыс­ты. 300 мың­ға жуық адамға 276 млн теңгеден астам со­маға көмек көрсетілді.

Дамудың революциялық емес, эволю­циялық жолын қамтамасыз ету үшін Ассамблея медиацияны пайдалана отырып, дау-жанжалдардың алдын алу жұмыс­тарын жүргізеді, 2019 жылы медиация институтын дамыту жөніндегі жол картасы іске асырылды. Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тәуел­сіздік дәуірі» кітабында былай деп жаза­ды: «Ассамблея алғаш рет азаматтық өкіл­дік­тің қоғамдық қызметі, жаңа әлеу­мет­тік лифт және қайырымдылық қауым­дас­тығы ретінде жұмыс істей баста­ды. Әлеуметтік-тұрмыстық негіз­дегі қақ­­ты­­ғыс­тардың алдын алу үшін ҚХА ме­­диа­­ция­­сының инклюзивті желісі құ­рыл­ды». «Қазақ­стан халқы Ассамб­леясы тура­лы» Заңның 6-бабының 11-тар­мақ­­ша­сы­на сәй­кес Ассамблея қыз­меті­нің негіз­гі бағыт­тарының бірі этнос­ара­лық қаты­настар саласындағы келіс­пеу­ші­лік­тер мен дауларды реттеу, қақты­ғыс­ты жағдай­лар­ды болдырмау жөнінде ұсыным­дар әзір­леу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу болып табылады.

Nur Otan партиясымен бірлесе Нұр-Сұл­тан, Талдықорған, Қызыл­орда қала­ларын­да «Татуласу орта­лықтары» бірлес­кен қанатқақты жобасы жүзеге асырылуда. 47 татуласу орталығы, 1016 татуласу каби­неті ашылды, оның ішінде 308-і соттардың ғимараттарында орналасқан.

ҚХА медиативтік желісінің құрамында 1 республикалық, 28 өңірлік медиация кеңесі, 503 медиация кабинеті бар. ҚХА аясында 926 медиатор жұмыс істейді, олар 2019 жылы 23,5 мыңнан астам дауды шешуге қатысты, оның ішінде 8 мыңы кеңестер беру деңгейінде шешілді.

Этносаралық қатынастардың қазақстан­дық үлгісінің маңызды және бірегей ерек­шеліктерінің бірі – Парламенттегі ҚХА-дан сайланатын Қазақстанның Парламенті Мә­жі­лі­сінің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассам­б­­леясының кепілді өкілдігі болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрыл­ған­нан бергі ширек ғасыр ішінде ол халық­аралық қоғам­дастықтың Қазақстан­ды оң баға­лауына ықпал ететін халықара­лық мойындауға ие болған институтқа айналды. БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан және Пан Ги Мун елімізге сапарлары барысында Ассамблея жұмысын жоғары бағалап, оны «БҰҰ-ның миниатюрасы» деп атады, сарапшылар келісім арқылы және біріктіруші бастамаларды нығайту жолымен барлық ұлттық топтардың дамуына негізделген ұстанымның дұрыс екенін жазады.

Қазақстанның ұлттық мүдде­лерді қайшылықсыз үйлес­тіруді жүзеге асыру тәжі­ри­бесі­нің қаншалықты дәрежеде ба­ға­ланатындығын 2010 жылы біздің астанамызда өткен ЕҚЫҰ саммитінің күн тәртібінде қарасты­рылғанына қарап пайымдауға бола­ды, онда толеранттылық тура­лы және дискриминацияға жол бермеуге қатысты ерекше мәсе­ле қамтылған. Ал 2019 жылғы 2 қыр­күйекте ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесу барысында Қазақстанда жүргі­зіліп отырған этнос­аралық және кон­фессияаралық келісім саласындағы саясатқа жоғары баға берілді.

* * *

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 1995 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің 25 жылдығын атап өте отырып, Н.Ә.Назар­баев­тың бастамасымен және Жарлығы негізінде 2016 жылдан бастап жыл сайын 1 нау­рызда мерекеленетін Алғыс айту кү­нін айрықша атап өтуге болады. Бұл мереке барлық этностардың бір-біріне және XX ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанға жаппай жер аудару кезеңінде түрлі этностардың өкілдеріне мейірімділік көрсеткен және қабылдаған қазақтарға алғысын білдіреді.

Алғыс айту күні – Қазақстанда жүр­гі­зі­ліп отырған татулық пен келісім сая­саты­­ның символы. Онда «Мәңгілік ел» жал­пы­­­ұлт­тық идеясының төңірегіне бірігу­ді ны­ғай­тудың ұлы гуманистік негізі қалан­ған.

* * *

Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Уақыт бір орында тұрмайды, өмір өтеді, күн тәртібі өзгереді, алайда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық кезеңінде қоғамның бірлігін сақтау мәселесі басты мәселелердің бірі болып қала береді.

2019 жылы Президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тапсырған Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен келісім саясаты­ның жалпыұлттық кепілі – Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясының Төрағасы болып қала береді. Біздің баршамызға Елбасының мо­л тәжірибесі көрсетіп отырғандай, этнос­­тық, діни, өңірлік және әлеу­меттік бедері күр­делі, көп құрам­ды мемлекеттерде ел­дің бірлігі мәселесі әрқашан күн тәрті­бін­де тұрады. Сондықтан әлем елдері­нің тәжі­ри­бесі көрсеткендей, біздің басты мін­деті­міз – біздің әралуан­дығымыз «оқшау­лау сызығына» айналмауын қамтамасыз ету.

Президент Қ.Тоқаев өзінің «Сындар­лы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақ­ты­лығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында бұл жұмыстың бағытын нақты түрде айрықша атап өтті: «Қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін ескере отырып, этносаралық кел­ісім мен дінаралық өзара түсіністікті нығайту­ды жалғастыру қажет».

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қоғам­дық келісімді нығайту міндетін белгілей отырып, бұл – бүкіл қоғамның күш-жігерінің нәтижесі деп есептейді. Қазақ халқы мемлекет құрушы рөлге ие болады, соның негізінде этносаралық келісім мен дінаралық өзара түсіністікті нығайту жалғастырылады. Бұл ретте, «Ел бірлігі – оның әралуан­дығында» қағидаты Мемлекет бас­шысы­ның басты ұстанымы болып қала бере­ді, ол біздің елімізде барлық этностық топ­тар­дың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасауды жалғастыратын болады.

Бұл, келісім мен тұрақтылықтың негізі – сындарлы қоғамдық диалог арқы­лы қамтамасыз ету көзделетін терең прагмати­калық ұстаным. Мемлекет басшысы: «Елбасының «Халықтың бірлігі – біздің ең құнды игілігіміз» деген қанатты сөздері біздің тұрақты ұстанымымыз бо­лып қала береді. Келісім мен бірлік, дана­лық пен өзара түсіністік біздің алға жыл­жуы­мызға ықпал етеді», деп айрықша атап өтті.

Сондықтан Елбасының мық­ты әрі жауапкершілігі жоғары адамдардың бір­тұтас ұлтын қалыптастыру жолындағы стратегиялық бағыты Қазақстанның киелі жерінде халықтың бірлігі мен ынтымағын, татулық пен тыныштықты нығайтудың жаңа деңгейінде жалғасатын болады.

Жансейіт Түймебаев,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

egemen.kz

Back to the list