Жастар алғыс айту күнін атап өтті

Жастар алғыс айту күнін атап өтті

Версия для печати

1 наурыз Алғыс айту күнін маңғыстаулық жастар «Достық үйінің» алдында кең көлемде атап өтті. Белсенді жастардың іс-шарасына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы, этномәдени бірлестік төрағалары мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылары «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігі мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі. Бғадарлама барысында студенттер – қазақ, орыс, өзбек, украин, лезгин ұлттарының биін билеп, жиналған жұртшылыққа әсем көңіл-күй сыйлады.

Біздің мақсат – айтулы мерекені өз деңгейінде атап өту, - дейді   «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Зульфия Аблаева.

-Біз бұл мерекені бимен атап өтуді ұйғардық. Жалпы, бұл 1 наурызға орай ұйымдастырылған іс-шараның біреуі ғана. Біз бұл акциямен қатар, басқа да іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Бүгін барша адамзат баласы бір-біріне алғыс айтып, құттықтап жатыр. Елбасы айтқандай алғыс айту күні шындығында бізді өзара жақындастыра түседі. Алғыс айту тек алғыстың күні емес, ол сондай-ақ, достықтың, бірліктің мерекесі. Ақтау жастары осы айтулы күнді өз деңгейінде атап өтіп жатқанына қуаныштымын. Біз бұл билерді бірнеше күн бойы, арнайы биші маманмен дайындадық. Осы сәтті пайдалана отырып, мен барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын, - деді З.Аблаева.

«Ел тарихындағы маңызды күнді атап өтуге атсалысып жатқаныма ризамын, дейді Маңғыстау политехникалық колледжінің 2 курс студенті Шәміл Кенже. - Мен өз қатарластарыммен осы іс-шараға қатысып жатқаныма ризамын. Осындай ұлтжанды, патриот жастардың барына ризамын. Бұл  іс-шара мен үшін патриот жастардың шеруі сынды. Біз осы акциямыз арқылы Отанға, елге, жерге деген қаморлығымыз бен сүйіспеншілігімізді көрсеткіміз келді. Және бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын».

Тағылымды іс-шараға арнайы қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Ғаниқызы Нұрғазиева жастарға жүрекжарды ақ тілегін жеткізді.

-Бүгін ұлы мереке. Бүгін қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының мерекесі. Осындай бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыз үшін ата-бабаларымызға мың алғыс. Жастар, сіздер тек бүгін ғана емес, жалпы күн сайын ата-анаңызға, достарыңызға, жақын-жуықтарыңызға алғыс айтып отыруларыңыз керек. Елбасы алғыс айту күнін бекерге 1 наурызға қоймады. Себебі, бүгін ҚХА құрылған күні. Ассамблея бұл – барша қазақстандықтар.  Ассамблея бұл - біз. Қазақстан жасай берсін, - деді ол.

Акция аясында мереке жайлы ақпаратты қамтитын 10 мың смайлик пен ақпараттық парақшалар таратылды.

   

   

   

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Back to the list