Жеңісті ерлікпен алып берген соғыс және тыл ардагерлеріне - шынайы алғыс пен қошемет

Жеңісті ерлікпен алып берген соғыс және тыл ардагерлеріне - шынайы алғыс пен қошемет

Версия для печати

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің аталып өтуімен құттықтаймыз!

Бұл күн – қазақстандық әрбір отбасы үшін жанқиярлықпен күрескен жаужүрек аталары мен әкелерінің ерлігі мен батырлығының дәріптелуімен ерекше қастерлі.

Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Рахымжан Қошқарбаев, Иван Панфилов, Талғат Бигелдинов, Нұркен Әбдірев және халқымыздың басқа да батыр ұл-қыздарының есімі – адамзаттың фашизмге қарсы күресі мен жеңісті жақындатудағы Қазақстанның қосқан үлесін айғақтайды.

Олардың ерлігі мен қайсарлығының арқасында бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстанды нығайтып және дамытып отырмыз.
Ерлік – ешқашан ұмытылмайды. Біз бұл күні Отан алдында өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсетіп, тылдағы ерен еңбек пен туған жерді қорғауда күш-жігерін аямаған еңбеккерлердің алдында бас иеміз.

Отты жылдардың көзі тірі куәгерлері – Жеңісті ерлікпен алып берген соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне шынайы алғысымыз бен қошеметімізді білдіреміз.


Қымбатты ардагерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге басымызды иеміз және зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық орнасын!

Ет жақындарыңыз бен туғандарыңызға бақыт пен амандық тілейміз!

Даңқтарыңыз арта берсін, ардагерлер! Жеңіс күнімен!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Back to the list