Жезқазғандықтар ардагерлерді құттықтап, мақтаралдықтарға көмек ретінде 10 млн теңге жинады

Жезқазғандықтар ардагерлерді құттықтап, мақтаралдықтарға көмек ретінде 10 млн теңге жинады

Версия для печати

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, меценат Бекзат Алтынбеков Жезқазған қаласының қарттарын құттықтап, батасын алып қайтты.


«Үлкен буын өкілдері - еңбек пен патриотизмнің, қайсарлықтың үлгісі Олар тәуелсіздік жолындағы нағыз көшбасшылар. Біздің борышымыз – қарттарымызға жылулық пен қуаныш сыйлап, ертеңгі күніне деген сенімділікті арттыру»,- дейді Бекзат Қомарұлы.

Сондай-ақ, осы күні жезқазғандық жастар екі күннің ішінде қиын жағдайға тап болған мақатаралдықтарға 10 млн теңге көмек жинады.


«Қазақ елі қашанда бауырмал, қайырымдылықты бәрінен биік қойған. Өкінішке орай, қазір басына сынақ түскен отандастарымызға қасиетті Рамазан айында көмек қолын созуды ұйғардық»,- деп бөлісті жастар өкілдері.

Back to the list